Шалғайда да медицина қолжетімді

Screenshot_6.jpg

«Денсаулық жолы» акциясы аясындағы жылжымалы медициналық кешендер Мақтаарал ауданынының тұрғындарына қызмет көрсетті. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, аурудың алдын алуға бағытталған республикалық акция мақсатқа сай шалғайдағы елді мекен Мақтаарал ауданының Еңбекші ауылдық округіне аялдады. 

Кардиолог, онколог, офтолмолог, эндикринолог және тереапевт сынды білікті мамандардың қаралымына келген ауыл тұрғындары денсауығына қатысты мәселелер бойынша тегін кеңес алды. Соның бірі, дертіне шипа іздеп ауруының алдын алуға келген 51 жастаға алтын құрсақты ана Гүласар Таусоғарова бүгін медициналық кешеннің мүмкіндігін пайдаланып, дәрігерлерлерге қаралды.

        Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде демекші , әркім өз денсаулығына жауапты. Осыны естен шығармай дер кезінде келген тұрғындарға тиісті емін тағайындаған мамандардың игі шарасына аудандық денсаулық сақтау саласының мамандары мұрындық болды.

    Айта кетейік, «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының мақсаты – құрамында тұз, қант, әртүрлі майлар бар азық-түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас тарту туралы ақпараттандыру,  тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер