Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің 02.08.2019 жылғы тапсырмасына сәйкес, тамыз-қыркүйек айларында мектеп формасын (көйлектер, жейделер, жемпірлер, шалбарлар, белдемшелер, пиджактар, жакеттер, сарафондар, шұлық-ұйық бұйымдары, аяқ киімдерді) іріктеу (сатып алу) тапсырылған болатын. Тапсырмаға сәйкес тамыз айында 28 сынама зертханалық зерттеуге алынып, олардың 18 сынамасынан техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздік анықталды.18 сынаманың 12-Отандық, ал 6-Түркия Республикасының өндірушілері өндірген. Анықталған кемшіліктер таңбалануы бойынша, атап айтқанда: барлық сынамада-өндірушінің орналасқан жері, өндірілген мерзімі көрсетілмеген, оның ішінде:
· 10 сынамада - ЕАС белгісі көрсетілмеген;
· 4 сынамада - ақпарат мемлекеттік тілінде көрсетілмеген.
Анықталған кемшіліктерді жою үшін 3 санитариялық нұсқамалар берілді. Сөз соңында, жергілікті өндіруші кәсіпкерлердің назарына!
Өндірілетін өнімдердің «ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» 017/2011 КЕДЕН ОДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ мен «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер қауіпсіздігі» 007/2011 КЕДЕН ОДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ талаптарын сақтауды және талаптардың шеңберіне сай өндірілуін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
А. Ахметов,
Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшы орынбасары