Сүт безі обыры

photo_278784.jpg

Сүт безі обыры әйелдердегі қатерлі ісіктің жалпы құрылымында І орын алады. Сүт безі обыры анықталған әрбір үшінші әйел диагноз қойылған сәттен бастап бір жыл ішінде өмірден озады.

Міне, статистика осындай өкінішке толы. Алайда, бір қарағанда бұл қиын болып көрінгенімен, соншалықты үмітсіз мәселе емес. Ретімен қарастырып көрейік. Біз сүт безі обыры анықталған адамдардың жазылмайтын дертке душар болғандығы туралы дақпырттан арылтқымыз келеді.

Сүт безі обыры – бұл май тіндерімен қоршалған 15-20 бөлікте жеке орналасқан тіндерде пайда болатын обыр. Өз кезегінде әрбір бөлік сүт өндіретін ондаған альвеолдан тұратын көптеген ұсақ бөліктерден тұрады. Әрбір бөліктің сүт шығаратын түтігі бар, альвеолдан шығатын каналшықтардың бірігу жолымен қалыптасады. Түтіктерден сүт безінің орталық аумағына бағытталады, оның жоғары беті ареолды емізік деп аталады. Түтіктің соңғы тарылған бөлігі емізікке түйіседі және шұңғыма тәрізді кеңейген сүт тесігінің ұшында ашылады. 8-ден 15 дейінгі бөліктер санына қарағанда сүт тесіктерінің саны аз болады, себебі түтіктердің бірқатары бір-бірімен бірігіп кетеді. Сүт безі тінінде бұлшықет жоқ, бірақ ол сүт безі тінінің астында орналасып, қабырғаны жауып тұрады.

Адамның басқа да ағзалары сияқты сүт безі тіндері жасушалардың көптеген түрлерінен қалыптасқан. Бұл жасушалардың өмір кезеңі әртүрлі, бірақ сау организмде олар қаншалықты жойылса, соншалықты пайда болады, және бұл процесс гормондардың, өсу факторларының және өзге де ретке келтіру жүйелерінің қатаң бақылауында болады. Алайда әртүрлі ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен реттелу жүйесі бұзылуы мүмкін, ол кезде қатерсіз және қатерлі ісіктер пайда болады.

Сүт безінің қатерсіз ісігін көптеген жағдайда алып тастауға болады, әрі олар дәл сол жерде қайтадан пайда болмайды, дененің басқа бөліктеріне тарамайды және өмірге қауіп төндірмейді.

Сүт безінің қатерлі ісігінде обыр жасушалары жақын орналасқан сау жасушаға тарап, оны да зақымдауы мүмкін. Олар қантамырлары мен лимфатамырларға және қан тогына өтеді немесе лимфалар өзге ағзаларға шапшаң тарайды. Сүт безі обырының басқа ағзаларға таралу процесі барысында екінші реттік ісіктер пайда болады, олар метастаздану, ал екінші реттік ісіктер – метастаздар деп аталады. Сүт безі обырымен кез келген әйел ауруы мүмкін, алайда кейбірінде ісіктердің пайда болу қатері төмен, ал кейбірінде - жоғары. Бұл қатерден еркектер де аулақ емес, алайда сүт безі обырымен ауыратын барлық пациенттердің 99% - әйелдер.

Жоғары қатерлі топтарға ең алдымен белгілі бір генетикалық және фенотиптік факторлармен байланысы бар тұлғалар жатады, ең бастысы – бұл өмір сүру стилінің ерекшелігі.

Сүт безі обыры ауруының қатерін арттыратын кейбір факторлар, төмендегілер:

  • жасы (40 жастан жоғары) тұқымқуалаушылық және отбасылық бейімділік (анасы немесе әпкелері сүт безі обырымен ауырған әйелдердің осы аурумен ауыру мүмкіндігі жоғары), кешігіп келген менопауза, етеккірдің ерте келуі (12 жасқа дейін)

  • 30 жастан асқанда тұңғыш баласын дүниеге әкелу, жүктілікті үзу

  • ешқашан тумаған әйелдердегі фиброзды-кистозды мастопатия және сүт безінің басқа да пролиферативті аурулары, семіздік (қалыпты салмақтың 40% жоғары)

  • қант диабеті, гипертония ауруы, жүйелі түрде шылым шегу және ішімдік ішу.

Сүт безінің обыр алды аурулары көп, бірақ біз тек жиі кездесетіндеріне тоқталайық. Ең алдымен, бұл - фиброзды-кистозды пролиферативті мастопатия, ол сүт безіндегі түрлі калибрлі таралған, ошақты түйіндер арқылы және етеккір келген кездегі кезеңдік аурулармен көрінеді. Сонымен қатар, емізіктен бөлінетін осы түтікше ішіндегі папиллома. Осындай ауруға қандай да бір кішігірім күдік туған жағдайда, жоғарыда аталған симптомдардың бірі байқалған жағдайда сүт безіне тексеру жүргізу үшін және уақтылы ем

алу үшін онкологқа қаралуларыңызды сұраймыз. Себебі бұл ауруларды ешбір жағымсыз әсерсіз емдеуге болады.

Ерте анықтау – бұл сүт безі обырынан қорғанудың ең үздік әдісі. Бұл ауруға ерте диагностика жасалған сайын толық жазылуға мүмкіндік жоғары болады. Мынаны айтып өткен орынды, сүт безі обырының бірінші сатысында емдеу (ісік сүт безінің ішінде, көлемі 2 см дейін, айналасындағы сау тіндерге тарамаған, метостаз жоқ) 95% әйелдердің емделіп кетуіне мүмкіндік береді. Алайда ісіктердің өсуімен немесе айналасындағы лимфатүйіндерге тарауымен сауығу пайызы күрт төмендейді - 50% артық емес.

Сүт безін тексерту және кішігірім мөлшердегі ісіктерді анықтау үшін қандай да бір күрделі аппаратураның немесе қымбат тұратын зертханалық тестілердің қажеті жоқ. Пальпациялық зерттеуден (пальпация – дененің белгілі бір бөлігін саусақпен басып тексеру әдісі арқылы диагностикалық зерттеу) өту жеткілікті. Пальпация арқылы сүт безіндегі өте үлкен емес түйіндерді анықтауға болады. Сондықтан әйелдердің сүт безін өзіндік тексеру техникасын білуі өте маңызды мәнге ие. Сүт безіне өзіндік тексеру жүргізуді 20 жастан бастауға болады, оны ай сайын жүргізу және сүт безіндегі кез келген өзгеріске көңіл бөлу керек. Бұл процедура әдетке айналуы тиіс және әр айдың белгілі бір күнінде, мүмкіндігінше етеккір аяқталғаннан кейінгі бірнеше күн ішінде жүргізілуі керек. Қандай да бір түйінді, ісікті, күдікті аумақты, ауырсынуды, басқа да алаңдататын симптомдар байқалған жағдайда – онкологқа жүгінуге асығыңыз.

Сүт безі обырына ерте диагностика жасаудың келесі маңызды сәті маммография болып табылады. Маммография – бұл сүт безіне рентгенография жасау. Әдетте екі сүт безіне 2 рентген-сурет жасалады – бірі жоғарыдан, екіншісі жанынан. Маммография сүт безі ісігін көрінбей тұрып анықтауға мүмкіндік береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер