104 оқушының 71-і онлайн оқып жүріп коронавирус жұқтырды

цой.jpg

Қазақстанда жаңа оқу жылы басталғалы бері 104 оқушы коронавирус жұқтырып алған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрінің мәліметінше 104 оқушының 33-і кезекші сыныптарда оқитын балалар. Індет шарпыған балалармен қарым-қатынаста болған 550 адам анықталып, оның 7-еуінен коронавирус табылған. 71 бала қашықтан оқып жүріп жұқтырып алған оқушылар. Олармен қарым-қатынаста болған 240 адам анықталып, олардың ішінен де 15 адамның індетті жұқтырғаны белгілі болған. 

Цойдың айтуынша, егер оқушылардың бәрі де жаңа оқу жылында офлайн режимде оқуын бастап кетсе коронавирус жұқтырған балалармен қарым-қатынаста болған адамдардың саны 1500-ден асып, бұл жағдай оқушылардың, мектеп персоналы мен ата-аналардың жаппай індет жұқтыруына әкеліп соғар еді. Осыған байланысты ол аймақ басшыларынан коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдап, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді сұрап отыр. 

– Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуымен бірге халықтың сақтығы әлсіреп бара жатқанын байқап отырмыз. Маска тағу мен әлеуметтік қашықтық режимі сақтала бермейді. Осының салдары елде коронавирус жұқтырған азаматтардың санының артып, карантин шараларын күшейтуге алып келуі мүмкін. Қазір мұндай жағдайды бірқатар мемлекеттен көріп отырмыз. Аймақтарға бұған дейін бірқатар рейд жүргізілген. Сол рейдтерден байқағанымыздай, карантин режимінің әлсіреуімен бірге карантин тәртібін бұзу жағдайлары 34 пайыздан 47 пайызға дейін артты. Карантин тәртібін бұзу жағдайы он өңірде байқалды. 5-27 қыркүйек аралығында маска режимін сақтамағаны үшін 1130 адам жазаланды. Осыған байланысты аймақ басшылары нысандарда маска режимінің сақталуын қадағалап, елге түсіндіру жұмыстарын күшейтсе дейміз, – деді министр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер