Түркістан қалалық балалар ауруханасында биыл 800-ге жуық ота жасалды

122922094_796710181170342_3034012199709489534_n.jpg

Түркістан қалалық балалар ауруханасында  жыл басынан бері 800-ге жуық ота сәтті жасалған. Бұған дейін күрделі ота жасату үшін балаларға басқа ірі қалалардағы медициналық ұйымдарға жолдама беріліп келген. Емдеу мекемесіндегі материалды-техникалық базаның жақсартылуы мен қызметкерлерінің арнайы кәсіби біліктілік арттыруынан, отаның ауыр түрлері аурухана қабырғасында жасалуда. 

Мұнда жақын орналасқан Кентау қаласы мен Отырар, Бәйдібек аудандарының тұрғындары да ем қабылдайды. Осыдан 5 жыл бұрын қабырғасы қаланған 214 төсек-орындық аурухана базасы заманауи компьютерлік томография, сандық рентген, ультра-дыбыстық зерттеу апараттарымен толық қамтамасыз етілген.  

«Емдеу мекемесінің сағатына 8 куб оттегі шығаратын жеке оттегі станциясы бар. Қалалық балалар ауруханасына оның 1 кубының өзі жеткілікті. Артығымен өндірілетін болғандықтан басқа ауруханаларға таратуға мүмкіндігіміз бар. Қосымша 19 оттегі концентраты орнатылған», - дейді Түркістан қалалық ауруханасының бас дәрігері Әбдішүкір Егізбаев. 

Ауруханада хирургия, неврология, жүрек ауруларын емдеу сынды 12 бөлімше бар. Барлығы да қажетті дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтарымен қамтылған. Білікті дәрігерлер құрамы қазір 200-ге жуық балаға емдік қызметтерін көрсетуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер