Эпидемиологтар covid-19-ға қарсы күрес жұмыстарын күшейтуде

126436967_814192779422082_1386000065078821226_n.jpg

Түркістан облысы Ордабасы, Бәйдібек және Отырар аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармаларының  мамандары мен аудандық аурухана қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарын одан әрі күшейту үстінде. Індетті ауыздықтаудың ауыр салмағы дәл осы екі  сала мамандарына түсетіні анық. Инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында эпидемиологтар мен инфекционист дәрігерлер Zoom бағдарламасы арқылы өзекті сұрақтарына жауап алып, өзара тәжірибе алмасуда. Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, мұндай шаралар барлық аудандарда жалғасын табады. 

Өңірде медбикелер үшін де «Covid-19 инфекциясына шалдыққан науқастарға мейірбикелік көмек» тақырыбында арнайы оқу-сабақтары өткізілді.Онлайн режиміндегі семинарларға түрлі бейіндегі 200-ге жуық орта медициналық қызметкерлер қатысқан. Оқыту барысында дәріскерлер емдік шаралары, инфекциялық қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде биоқауіпсіздік, орта медициналық персонал деңгейінде инфекциялық бақылауды жүргізуді қамтамасыз ету мәселелерін қамтыды. 

Жалпы, Түркістан облысы коронавирус инфекциясы бойынша жасыл аймаққа кіреді. Соңғы тәулікте 1 коронавирус,2 пневмониямен сырқаттанған  3 науқас тіркелген. Инфекциялық стационарларда 7 азамат коронавирус инфекциясынан және 27 адам вирусты пневмониядан ем қабылдауда. Өңірде пандемия басталғалы COVID-19 расталған 3449 науқас бойынша 2668 ошақ  анықталып, барлығында дезинфекциялық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. 

Науқастардың 3372-і яғни, 98/1 % жазылып шыққан. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер