10 «Smart аялдама» салынады

Screenshot_10.png

Соңғы жылдары үшінші мегаполисте жанға жайлы, жолаушыларға қолайлы, әрі көрсең көзің тоятын әсем аялдамалар көбеюде. Солардың ішінде ерекше көзге түсетіні "ақылды" аялдамалар. 

Алдағы уақытта мамандар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Әл-Фараби ауданында жолаушылар хабы саналатын 10 нүктеге жаңа аялдамалар салынады дейді.  Жаңа үлгідегі  аялдамалар демеушілер  тарапынан пайдалануға беріледі.

Осыған орай Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев инвесторлармен кездесіп, құрылыс жоспарын пысықтады. Басты мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарына мейлінше жайлы жағдай жасау. 

«Ақылды» қала атанудың алғышарты – қауіпсіздік. Сондықтан қоғамдық орындарды жіті қадағалау мақсатында аялдамаларға бейнебақылау камералары орнатылады. 

Сондай-ақ жолаушылардың ең басты қажеттіліктері саналатын кондиционер мен wifi, телефон қуаттағыш құрылғысы, маршруттардың бағытын көрсететін жол картасы да қойылады. 

Жаңа үлгідегі аялдамалар алдағы айда халық игілігіне беріледі деп жоспарлануда. Айта кетейік, "Теріскей" шағын ауданында орналасқан мұндай аялдаманың алғашқы үлгісі халық көңілінен шығып үлгерді. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер