Шымкентке Парламент Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен келді. Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қалалық полиция департаментінің басшылығымен кездесті. Сондай-ақ полицияның сервистік моделін енгізу барысымен танысты.
Құқық қорғау органы қазіргі таңда оның бір нұсқасын ашқан. Қаланың барлық жерін қамту үшін қаражат бөлу қарастырылып жатыр екен. Сенаторлар полицияның қызметін арттыру бойынша заңға өзгеріс пакеттері дайындалатынын айтты. Оның негізгілерінің бірін де атап өтті.
«Бізде жақсы кадрлар енді жетіліп, піскен кезінде мынау зейнеткерлік жасқа деп шығып кетеді. Соны біз министрдің алдында тіке қойдық. Неге қармасқа? Жеке-жеке болса да қарамасқа әр кадрге. Қазір зейнеткерлік жас мәселесін ұзарту мәселесі де жақын арада қаралатын болады сенатта. Сондықтан сенаттан арнайы келіп жатқандығымызда арнайы соның бәрін жеткізейік. Одан кейінгі атқарылып жатқан жұмыстарыңызды бірге көрейік»,- деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров.
Сонымен қатар, оның ішіне тәртіп сақшыларына арналған әлеуметтік кепілдіктер, төтенше жағдай және іс сапар кезіндегі қызметі үшін еңбек ақыны үш есе көлемінде төлеу мәселесі де қаралып жатыр екен. Сондай-ақ, сенаторлар жергілікті депутаттармен кездесіп, Шымкент қалалық көлік-логистикалық орталығының қызметімен де танысты. Бұндағы қосымша құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Жалпы орталықтың тауарларды сақтау және тасымалдау мүмкіндігіне оң бағасын берді.
«Тек қана Шымкент қаласы үшін емес бүкіл солтүстік-батыс Қытай Еуропа жолындамыз. Түбінде әуежай тұр, мынау теміржол торабыда қамтамасыз етілген. Яғни, бұл экономикалық, әлеуметтік жағынан да қалаға өте қажетті нәрсе деп есептейміз. Сондықтан да, жұмысты әрі қарай жалғастыру мәселесін де мынау «СПК Шымкент», қала басшылығымен де сөйлестік. Толық әкімдіктің мәліметтеріне сәйкес қолдап отырмыз. Оң жұмыс атқарылған деп айтуға болады»,- деді Нұрлан Бекназаров.
Шаһарға арнайы келген сенаторлар орталық басшыларымен және оның қызметін пайдаланушылармен кездесті. Шенеуніктер мұның үлкен қажетті жоба екенін айтуда. Айта кетейік, логистикалық кешеннің аумағы 65 гектар. Оның қазір тек 35 гектары игеріліп отыр.