Тұранда балалар ойын алаңшасы салынбақ

Screenshot_5.png

Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз",- дей келе бұқаралық сопртты дамыту үшін бірқатар тапсырмалар берген болатын.

 Президенттің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласыы әкімінің бастамасымен  Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері «Тұран» шағынауданында балалар ойын алаңшасын орнату мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді.  

Кездесуге мердігер мекеме «Назар» ЖШС өкілдері де қатысып, шағынауданда құрылысы бастау алатын балалар ойын алаңшасының эскиздік жобасын таныстырды. Тұрғындармен нақтыланған жоба  бекітілді. 

Аталған шағынауданда ойын алаңшаларды салу жұмыстары жоспарға сәйкес, кезең - кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, алдағы уақытта қалада жүзден астам замануи спорт алаңы салынбақ. Спорт алаңдары воркаутпен айналысуға арналған спорттық жабдықтармен және дене жаттығуларына арналған аймақпен жарақтандырылмақ. «ERG Еуразиялық топ» ЖШС өзі демеуші болып салатын 7 алаңшаның екеуін Қаратау ауданында, бесеуін Абай ауданында орналастырмақ.

Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған жоба аясында қазірге дейін оншақты балалар спорт алаңшасы ашылып отыр. Жалпы Шымкент қаласында аула ішілік 231 спорт алаңшасы болса, биыл 115 спорт алаңын салу жоспарланып, ол жүзеге асырылуда. Оның онтөрті демеушілер есебінен қалғаны бюджеттен салынады.

Қалада балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жаппай спортты дамыту мақсатында көптеген жаңа нысандар пайдалануға берілуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер