Шымкент қаласындағы Жүрек орталығында заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды. Ондағы жаңа қондырғы Корея елінен арнайы әкелінген. Ақ халаттылар жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайтып, науқастарды дер кезінде диагностикадан өткізуде заманауи құрылғының маңыздылығы зор дейді.
Соңғы үлгідегі қондырғының құны 300 млн теңге тұрады. Мұндай құрал еліміз бойынша саусақпен санарлық екен. Екеуі Нұр-сұлтан мен Алматы қаласындағы орталықтарға қондырылыпты. Осыған дейін Жүрек орталығына түскен науқастар диагностикадан өту үшін өзге медициналық ұйымдарға сандалатын дейді салаға жауаптылар. Қолданыстағы құрылғылардың сапасы бұдан әлдеқайда сапасы төмен дейді салаға жауаптылар.
"Қондырғымен жұмыс істеуді дәрігерлер, лаборанттар үйренді",- дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.
Жоғары сапалы томография жүрек, қан айналымы аурулары диагностикасында ғана емес бас-сүйек, өкпе, ауруларын анықтауда да таптырмайтын құрылғы дейді дәрігерлер. Шымкентте бүгінде 12 орталықта компьютерлік томография бар. Ковид індеті ушыққан тұста құрылғылар жетіспей, науқастар да дәрігерлер де әбігер болады екен. Енді пандемия кезінде орталықтағы жаңа құрылғыны да пайдалануға болады дейді дәрігерлер.
"Компьютерлік зерттеу бүгінде өзекті тақырып болып отыр. Корея елінен алдырылған компьютерлік томографияның республикалық транштан бөлінген қаржыға сатылып алынды. Қондырғының 160 срездік кардиологиялық опциясы бар. Бұл жаңа құрал арқылы тек жүректің ауруларын ғана емес, басқа да түрлісырқаттарды дер кезінде анықтауға сеп болып, өлім-жітімді алдын алуға мүмкіндік туады",- дейді“Шымкент жүрек орталығы” АҚ-ның басқарма төрағасы Дархан Сүйгенбаев.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында денсаулық сақтау саласына ерекше мән берді. Мемлекет басшысы қаражаттың ең алдымен дәрі-дәрмек пен құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталатынын пысықтап берді. Осыны ескерген салаға жауаптылар алдағы уақытта аймақтағы жалғыз жүрек орталығындағы құрал-жабдықтарды соңғы үлгідегі техникалермен алмастырамыз деп отыр.