«Шаңырақтың» елге берер шаттығы көп

Screenshot_18.png

Үшінші мегаполисте баспанаға деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Себебі мұнда халық саны көбеюде. Соған қарамастан басшылар тұрғын үй мәселесін оңтайлы шешуде. 

Айталық Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» несиелік бағыты аясында 557 азамат сатып алу туралы келісім шартын жасасты. Аталған кредиттік пәтер иелерімен Отбасы банк арқылы пәтердің ипотекалық қарыз шартын рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта «Шаңырақ» бағытында өткізілген конкурс нәтижесінде 336 пәтер алуға үміткерлермен сатып алу туралы келісім шартын жасасу жұмыстары жүргізілмек. Жыл соңына дейін Шымкентте 1728 азамат «Шаңырақ» бағыты арқылы несиелік баспанаға қол жеткізеді.

Айта кету керек, «Шаңырақ» бағдарламасымен биыл «Отбасы банк» өзінің интернет ресурсы арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында 27 үйді сату бойынша  өтінімдер қабылдаған болатын.

Қазіргі таңда 1-15 қыркүйек аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «5-20-25» бағыты бойынша  Отбасы банкі жеңілдетілген пайыздық көрсеткіштегі 192 несиелік пәтерге өтінімдер қабылдау конкурсын жүргізіп жатыр. Аталған кредиттік бағыттағы  конкурсқа тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық азаматтар қатыса алады. Ол үшін  Отбасы банктің «baspana.otbasybank.kz» порталы арқылы онлайн өтінім жіберсе болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер