Көліктерді мамандандырылған ХҚО-ларда сақтандыруға болады

Screenshot_16.png

Шымкенттіктер көліктерін мамандандырылған ХҚО-ларда темір тұлпарын рәсімдеу кезінде бірден сақтандыра алады. Бұған дейін бұл қосымша сервис «пилоттық» жоба ретінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында іске қосылған болатын. Ал, бұл өз кезегінде Президент Тоқаевтың мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға берген тапсырмасының орындалу деңгейін арттырып отыр.

Қоқан Тілеуқабылов жақында көлігін ауыстырды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, темір тұлпарын рәсімдемекші еді. Тиісті құжаттарына тез арада  қол жеткізді. Бірақ, дәл осы жерде көлігін сақтандырамын деп ойламапты. Мұны ол осындағы мамандар айтқан соң біліп отыр.

"Білмедім. Аға, көлігіңізді сақтандырып алсаңызшы деді. Сосын қуанып кетті. Мұның тиімділігі счол, басқа есікке жүгіріп, табан тоздырмайсың. Уақытың үнемдеулі",- дейді қала тұрғыны. 

Тұтынушыға автокөлікті қайта ресімдеу кезінде оператор электронды сақтандыру полисін рәсімдеуді ұсынады.  Бұл азаматтардың уақыты мен шығынын үнемдеп қана қоймай, адами факторды толығымен жояды. Сақтандыру полисін рәсімдеу үшін, жүргізушінің ЖСН, телефон нөмірін, мемлекеттік тіркеу нөміріндегі деректерді және көліктің VIN-кодын ұсыну қажет.

"Өтінімді толтырғаннан кейін, клиентке электронды сақтандыру полисі сәтті тіркелгені туралы SMS келеді. Полисті тіркеу үшін 10 минут жеткілікті», - дейді Шымкент қалалық мамандандырылған ХҚО бөлім басшысының орынбасары Жандос Дүйсебаев. Ал, өткен маусым айының өзінде 384 көлік иесі темір тұлпарын  сақтандырған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер