«Жасыл Елдің» жастары марапатталды

Screenshot_5.png

Шымкент қаласында 18 қыркүйек World clean up day Дүниежүзілік акциясына орай жыл сайынғы «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті.

Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары, шахар тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әрбір мекеме өздеріне жүктелген аумақтарды қоқыстан тазалады. Ол жұмыстарға 12 мыңға жуық тұрғын қатысты.

Сенбілікке 100-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 165 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды. Сонымен бірге ирригациялық арықтар тазаланып, демалыс орындарында сырлау жұмыстары жүргізілді.

Осы күні «Жасыл Ел» және «Студенттік құрылыс» жасақтарының маусымдық жобасының жабылу салтанаты өтті. Онда қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан белсенді жастарды марапаттады. Бұл жобаға жалпы қаладағы 1200-ге жуық жастар қамтылған.

Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкенттің ажары оның тазалығына да байланысты. Сондықтан әрбір қала тұрғыны үлес қосуы қажет.  Ұйымдастырушылардың да негізгі мақсаты осы. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте мемлекет басшысының жолдауын талқылау жөніндегі кеңес өтті
  • В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Озық агроэкономикаға көшу үшін үкіметтің нақты жоспары болуы керек»
  • Президент геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуді маңызды міндет ретінде атады
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келді»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер