Жылыту маусымына дайындық жүргізілуде

Screenshot_19.png

Шымкентте жылыту маусымына дайындық жасалуда. Қаланың 80-85 пайызын қамтитын «3-Энергоорталықта» қазір модернизациялық жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл шаралар апатты жағдайлардың алдын алып, халыққа үздіксіз сапалы жылу беруді қамтамасыз етеді дейді салаға жауаптылар. 

"40 жылдық кәсіпорын жылына орта есеппен 700 млн квт/сағатэлектр энергиясын өндіреді. Қаланың ескі шағынаудандарын қамтитын «3-Энергоорталықта» модернизациялық жұмыстар биыл да жалғасты",- дейді «3- Энергоорталық» АҚ бас директоры Қайрош Оңғарбаев. 

Бес жылға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыруға 670 млн теңге бөлінген. Қазір үшінші қазандықтықта жөндеу жүріп жатыр. Жұмыстар 90-95 пайызға аяқталуға жақын дейді кәсіпорын басшылығы.

Айта кетейік,қалада жылу энергиясын өндіру қызметтерінің тарифтері төмендетілді. Төмендетілген бағалар 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Алайда кәсіпорын тиісті департаментке алдағы жылы тарифті қымбаттату бойынша ұсыныстарын жолдаған.

Кәсіпорындажөндеу жұмыстары індет ушыққан кезеңде де тоқтамаған. Басшылық биыл электр энергиясын өндіруді былтырғымен салыстырғанда едәуір ұлғайтамыз деп отыр. Бұл инвестициялық саясаттың нәтижесі деп марқайған  салаға жауаптылар биылғы қысқа сақадай саймыз деп сендірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер