Инвестиция көлемі артқан

Screenshot_20.png

"Әр инвестордың Шымкентке салған инвестициясы қаламыздың әлеуетін арттырады. Сондықтан инвесторларды қолдауға шақырамын". Былтырғы жылы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халық алдында есеп беруінде осылай деп шаһарда инвестиция көлемінің артып отырғанын жеткізген болатын. Биылғы жылы да үшінші мегаполистің дамуына үлесін қосуға ниетті инвесторлардың қатары көбейген. 

Мамандардың дерегіне сүйенсек, Шымкент қаласында осы жылдың қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 201,1 млрд теңгені құрап, 32,5 пайызға артты. Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 57,5 млрд. теңге, жеке көздерден 143,6 млрд.теңге инвестиция тартылған.

Өткен жылдың тиісті кезеңінде бұл көрсеткіш 147,9 млрд. теңгені құраса, жекеменшік инвестицияның үлесі 56 пайыз шамасында болатын.Инвесторлар өнеркәсіп жобаларымен қоса, тұрғын үй құрылысы, ауылшаруашылығы, байланыс, медицина, білім, спорт,  көлік қатынасы, тағы басқа экономика секторларына қаржы бағыттауда.Қалада жыл басынан бері инвестиция құны 12,6 млрд. теңгені құрайтын  5 жоба «Оңтүстік», «Тассай»  индустриалды аймақтары мен Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылған. Нәтижесінде жаңадан 200-ден астам жұмыс орны ашылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер