5 шағын ауданға кәріз құбыры тартылып жатыр

Screenshot_21.png

Шымкент қаласын толықтай кәріз жүйесімен қамту мақсатында 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың 5-еуі биыл жыл аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бақылауындағы бұл жұмыстарды, салаға жауапты басқарма басшысы Боранбай Болатбековтың өзі қадағалауда.

Шапағат, Мирас шағын аудандарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары биылғы жылдың сәуір айында басталған. Ұзындығы  52 шақырымға созылған кәріз құбыры 1800 астам тұрғын үйге тартылуда. Бүгінде мұндағы жұмыстардың биылға жоспарланған межесін толығымен орындап қойдық, дейді мердігер компания өкілі.

Кәріз жүйесіне қосылатын күнді асыға күтіп жүрген мирастықтар, айналамыз шыбын-шіркейге толып барады, дейді. Соңғы кезде әр үйдің ауласынан қазылған қалдық су шұңқырларынан шыққан иіс, жел тұрса бүтін бір елді мекен халқының мазасын қашыратын көрінеді.  

Қазіргі таңда кәріз құбыры қаланың 13 нүктесінде жүргізілуде. Оның 3-еуі магистралды сарқынды су жүйесі болса, қалған 10-ы ішкі орамдық жүйе құрылысы. Биыл оның 5 елді мекеніндегі жұмыс аяқталып,  пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл ретте 52 пайызды құрап отырған көрсеткіш 2 пайызға өспек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс
  • Президент парламенттік реформа жасау туралы бастама көтерді
  • Тоқаев: Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық ел болуы керек
  • Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер