Биыл 19 жекеменшік мектеп ашылған

Screenshot_22.png

Демографиялық ақуалы жылдан-жылға жақсарып келе жатқан Шымкентте мектеп тапшылығы сезілуде. Осыны ескерген билік өкілдері бүгінде мемлекеттік жеке меншік әріптестік жобасына көп көңіл бөліп отыр. Соның арқасында биылғы жаңа оқу жылында қалада 19 жекеменшік мектеп қолданысқа берілді. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шаһардағы жеке инвесторлар есебенінен салынған білім ошағын аралады.

Жаңа 2021 – 2022 оқу жылында  Шымкент қаласында «ADAN» жекеменшік мектебі өз есігін болашақтың иесі – бүгінгі бүлдіршіндерге айқара ашап, қарсы алды. Жаңа мектепте 600 бала тәрбие мен білім ала алады. Мектеп оқу ғимаратымен, акт және спорт залдарымен, медициналық пунктпен, асханамен қамтылған. Кешеннің 24 сыныптық бөлмелері оқу заманауи жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Заманауи үлгіде бой көтерген мектеп  оқушыларына арналған сабақтар қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Оқушыларға ағылшын тілінен дамытуға бағытталған қосымша сабақтар, спроттық және  шығармашылыққа баулыйтын шахмат, домбыра, хореография үйірмелері жұмыс жүргізеді.

Айта кетейік, қалада сапалы білім беру үшін жағдай жасау мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында кешенді жоспарға сәйкес, 72 мектеп құрылысы жүргізілетін болады.Нәтижесінде, жаңа оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер