Діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды

Screenshot_23.png

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Рухани келісім» күніне орай Шымкент қалалық Дін істері басқармасының және «Сарын» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен дін өкілдері арасында дәстүрлі айлық спартакиада басталды. Тартысты сайыс спорттың футбол, үстел теннисі және шахмат түрлерінен өтуде. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы қатысты.

«Рухани келісім күні» - еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтың, тыныштық пен тұрақтылықтың мерекесі. Татулықты ту еткен күннің құрметіне орай мегаполис аумағында діни бірлестіктер мен өкілдеріне арналған спартакиада шымылдығын түрді. Ашылу салтанатына Шыңғыс Жұмабекұлы арнайы келіп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.  

Дін өкілдері, мұндай шаралардың берері көп екендігін айтады. Бірінші кезекте, спорт – денсаулық кепілі екені ескерілсе, екіншіден діни ұйымдар арасындағы ауызбіршілік артары сөзсіз, - дейді.

"Денсаулық – біздің ең басты байлығымыз. Бүгінгі спартакиада жан саулығы мен тән саулығын арттыруға үлкен септігін тигізетіні анық.  Сондықтан, ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін",- дейді Православ шіркеуінің өкілі Алексей Королевский.

22 қыркүйек пен 15 қазан аралығында спартакиаданың  іріктеу турнирі өтсе, 15 қазан күні ақтық финал мен жабылу салтанаты өтеді деп жоспарланған. Жарысқа жалпы 16 команда қатыспақ. Ал, бүгінгі «Аламан» спорт кешенінде өткен сайыста 10 команда кіші футболдан бақтарын сынады.

Қазіргідей алмағайып заманда өр­ке­ниеттер ара­сын­дағы бейбіт келісімді сақтау – өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, дін­дер арасындағы үнқатысуды дамыту – бүкіл әлемдік жауап­кершілік. Ал мұндай шара дәс­түр­лі діндердің татулықта болуына мүмкіндік туғызады.


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер