Құқықтық сауатты ұрпақ- бұл біздің болашағымыз!

Screenshot_14.png

Білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы «Ақпан батыр» атындағы №10 жалпы орта мектебінде «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқытушылар, Еңбекші ауданы прокуратура қызметкерлері, ЕңбекшіАПБ Ювеналды полиция бөлімінің мектеп инспекторларының қатысуымен кездесу өтті. 

 Іс-шара барысында Еңбекші АПБ ЖПҚБ ЮПБ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Д.Усипбаев Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

 Сөз соңынан мектеп директоры қонақтарға іс-шараға келгендері үшін алғысын білдірді. Оқушылардың саяси-құқықтық сауатын көтеру мақсатында осындай шаралардың жиі өтукізілуі қажет. Өйткені құқықтық сауатты, зерделі ұрпақ- бұл біздің болашағымыз!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер