Фармацевтика өркендеп келеді

Screenshot_18.png

Фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты. «Вируспен күрес кезінде дәл осы сала еліміздің бәсекеге қабілеті мен қауіпсіздігі үшін маңызды екеніне көзіміз жетті. Сондықтан медицина өнімдерін, зертханалық және техникалық сынақтан орталық құруымыз керек. Жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандырған жөн», – деді Мемлекет басшысы. 

Осыны ескерген шымкенттік дәрі-дәрмек өндірумен айналысатын кәсіпкерлер де жұмыстарын ширата бастады. «Химфарм» АҚ басшылығы өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр. Өндіріс орны 2008 жылдан бастап өндірістік тәжірибенің халықаралық стандартына көшкен. Кәсіпорын бұл стандартты енгізуге белсене кіріскен алғашқы отандық өндірушілерінің қатарында болды. Зауыттағылар алдағы уақытта антивирустық препараттар өндіруге басымдық береміз деп отыр.  

Айта кетейік, елімізде биыл  фармацевтикалық өндіріс көлемі 31% өсті. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 99,3 млрд теңгенің негізгі фармацевтикалық препараттары өндіріліпті .

"Президенттің Жолдауда фармацевтика саласына тоқталғанының өзі бұл салаға деген көзқарастың бүгінде өзгеше екенін байқатады. Біз алдағы уақытта өнім көлемін арттырамыз. Қазір осы бағыттағы мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз. Шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, өз өнімдерімізді өндіруге күш салып жатырмыз. Пандемия кезеңі басталғалы жергілікті медициналық ұйымдарды тиісті препараттармен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс күшін арттыра отырып, өндіріске күшейтудеміз",- дейді зауыт директоры Рустам Байгарин.   

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер