Шалғайдағы елді мекендер көркейеді

Screenshot_19.png

Сайлауалды бағдарламасы аясында әзірленген «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасының бесінші бағыты Шымкент қаласындағы шалғай елді мекендерді көркейту. Әрине әр азамат лайықты өмір сүу үшін ең алдымен коммуналдық проблемаларды шешу қажет. Бағдарламаның мақсаты да осы.

Мәселен, шалғай орналасқан шағынаудандарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін 8 қосалқы электр станция іске қосылады. Биылғы жылы оның үшеуі іске қосылса, оның біреуі тамыз айында шаһардың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамтитын «Бозарық» қосалқы станциясы пайдалануға берілген болатын. 

Бұдан бөлек, 12 елдімекенге ауыз су құбыры тартылады дейді сала мамандары. Осылайша, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткізіледі. Осы жылдар ішінде қала тұрғындары толығымен көгілдір отынға қосылса, сағатына 250 мың метр кубты құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасы осы жылдың қазан айының соңында іске қосылады деп күтілуде.

Сонымен бірге қалада 84,4 шақырым болатын кәріз  жүйесі салынады. Осылайша бес жылда кәрізбен қамту көрсеткішін 65 пайызға жеткізу көзделуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер