Поляктар Шымкентке инвестиция салуы мүмкін

Screenshot_15.png

Үшінші мегаполис - инвестицияға қолайлы қала екенін бүгінде тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де дәлелдеп келеді. Варшавада өткен  Қазақстан-Польша бизнес-форумы осының айғағы. Аталған жиында шымкенттік делегаттарды бастап барған қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев көпшілікке баяндамасын ұсынды. Шымкенттің жоғары әлеуетін таныстыра келе польшалық кәсіпкерлерді қалаға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды. 

Форумды Қазақстан Елшілігі мен Kazakh Invest ұлттық компаниясы Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар министрлігінің, сондай-ақ Польшаның Инвестициялар және сауда агенттігінің қолдауымен Польшаның бизнес Кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, тамақ, химия, тау-кен металлургия және фармацевтика өнеркәсібі салаларының өкілдері болып табылатын қазақстандық және поляк компаниялары қатысуда. 

Форумның мақсаты Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің іскерлік серіктестері арасындағы қолданыстағы байланыстарды нығайту және жаңаларын жолға қою, инвестициялық жобаларды таныстыру болып табылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер