«Iqala» жобасының тиімділігі көп

Screenshot_11.png

Елбасы тапсырмасымен республикамызда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келе жатқаны белгілі. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш бағдарлама бойынша табысты жұмыс жүргізіліп келеді. Шымкент қаласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландыру 5 негізгі бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қосымша 6 бағыт бойынша жүзеге асуда.

Солардың бірі  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландырудағы – «Iqala» жобасы. 

Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі негізінде қолға алынды. Бұл орталықтың IQala деп аталуы интеллектуалдылығын білдіреді. Бұл байланыстарды барынша азайтуды, түрлі қызметтерді, консультациялар мен рұқсаттарды алуды барынша жеделдетуді көздейтін өздігінен дамитын зияткерлік жүйе. Мұндай жүйелер кәсіпкерлерге өз шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді, бұл бағаға, тарифтерге және жобалардың соңғы құнына әсер етеді. 

Аталған жоба «бір терезе» қағидаты бойынша коммуналдық шаруашылық секторының және мемлекеттік қызметтерін біріктіреді. Жоба аясында коммуналдық қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн цифрлық түрде көрсету, құжаттарды қысқа мерзімде ұсыну, өтініш күйін бақылау және құжаттардың сақталуы бойынша оң нәтижелер беруде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер