Жұмыссыз жастар азайған

Screenshot_12.png

Шымкент қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Мағжан Исахов жуырда «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысында «Жастар – Отанға!» бағдарламасы аясында жол картасы бекітілгенін жеткізген болатын.

"Бүгінгі таңда жастар мәселесін шешуде алдымызда 5 негізгі жұмыс бағыты тұр. Бұл – азаматтық белсенділік, сапалы білім, лайықты жалақысы бар жұмыс, қолжетімді баспана және бос уақытты тиімді ұйымдастыру. Оның әрқайсысының тиянақты жүзеге асырылуы еліміздің әрбір жас азаматы үшін маңызды. Осы бағыттар аясында біз алдымызға жастардың өмір сүру сапасын арттыруға, өз қабілетін іске асыру әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін нақты міндеттер қойдық",- дейді М.Исахов.

 Статистикаға жүгінсек, үшінші мегаполисте 239 443 жас бар. Оның 84 771-і жұмыс істесе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандары – 23 602. Ал олардың 3,8 пайызы жұмыссыздар қатарында. Қазіргі таңда өзектісі баспанамен қамту және жұмыссыздық мәселесі болып тұр. Бұл бойынша 2021-2022 жылдар аралығында «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша 4500 жасты оқытып, кемінде 2000 жобаға 200 АЕК көлемінде грант бөлу және «Бизнестің жол картасы» шеңберінде жыл сайын кемінде 100 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік жасап, 2020-2025 жылдар аралығында 15 мыңға жуық жасты «Жастар практикасына» бағыттап, өзінің қабілетін ашуға мүмкіндік жасауды көзделген. Ал тұрғын үй мәселесі бойынша 100 ерікті жастың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында қолжетімді баспана тетіктерін түсіндіруде ақпараттық-насихаттау жұмыстары ұйымдастырылуда. Және де жұмысшы жастарды ынталандыру үшін жыл сайын 900 пәтерден 3 жылда 2700 пәтер берілуін ықпал ету қаралып отырған көрінеді.

Шымкент – дарынды һәм жалынды жандардың мекені. Мағжан ақын жырлаған «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты», тәуекелшіл жастар барда тәуелсіз елдің тасы өрге домалай бермек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер