Инвестордың көмегімен жаңа лицей ашылды

Screenshot_15.png

«Асар» шағынауданында физика-математика бағытында тереңдетіп білім беретін «Intellect»  лицейінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева және Біріккен Араб Әмірліктерінің «Ummet» қоғамдық қорының өкілі Салих Али Абдрахман Бухалид қатысты. 

—Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Шымкент қаласында 70 мектеп болса, бүгінде білім ұяларының саны 200-ге жуықтады. Онда 250 мыңға тарта оқушы білім алуда. Соңғы жылдары білім саласына инвесторлар тартылып, жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін жекеменшік мектептер көптеп салынуда. Бүгін сондай білім ұяларының тағы біреуі — «Intellect» физика-математика лицейінің ашылуына келіп отырмыз. Осының барлығы жас ұрпақтың білімді болуына мемлекеттің айрықша назар аударып отырғанын көрсетеді, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы. 

Жиын барысында «Ummet» қорының өкілдері оқушыларға мектеп формаларын сыйға тартты. 

Айта кетейік, заманауи үлгіде бой көтерген мектепте оқушыларға физика-математика бағытында тереңдетілген білім беріледі. Сондай- ақ, білім алушыларға  жалпы пәндер бойынша қосымша сабақтар жүргізіліп, шахмат, домбыра, тігін үйірмелері де жұмыс істейді. Жалпы, лицей 600 оқушыға арналған. Әзірге мұнда 275 оқушы білім алуда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер