Әкім магистралды су құбырының құрылысын аралады

Screenshot_21.png

Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан «Тұран» шағынауданы айналма жолына дейінгі үш магистралды суаққының құрылыс алаңына барды. 

Су жинақтаушысынан бастап айналма жолға дейін ұзындығы 4,48 шақырым болатын су тартқышының екі желісін салу жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. Мердігер мекеме құрылысты биыл қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр. Су құбырларының ұзындығы – 11,3 шақырымды құрайды. Бүгінге дейін 10,1 шақырым құбыр жұмыстары аяқталды. 

Қала әкімі жауапты мердігерлерге жұмысты сапалы әрі тиісті мерзімде аяқтауды тапсырды. Өйткені тұрғындар ауызсудан тарлық көрмеуі қажет. 

Салаға жауапты мамандардың айтуынша жалпы қалада 3 магистралды су құбырының құрылысы жүргізіліп отыр. Бұл нысандар пайдалануға берілгенде Асар-2, Шымсити, Тұран, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Жаңа Тұрлан, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптарындағы 250 мыңға жуық халық үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтылады деп күтілуде. Бұл бастамаға тұрғындар ерекше қуануда және шаһар басшысына алғыстарын жеткізді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Цифрландыру - халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылатуда
  • Шымкентте бұқаралық спорт дамып келеді
  • Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
  • Спонсоры строят спортивные площадки
  • «Сделано в Шымкенте»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер