Елдімекендерді интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде

Screenshot_25.png

Үшінші мегаполисте интернеттің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыс қарқын алған. Оның ішінде мобильді және оптикалық-талшықты интернеттің таралу аясын кеңейту жұмыстары да бар.Қала аумағындағы интернет сапасы төмен 30 тұрғын алап анықталып, оптика тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте Нұртас, Тассай, Таскен, Пахтакор шағын аудандарындағы 4 көшеге кабель жүргізіліп, интернетке қосылды. Ал Ақжайық  және Достық шағын ауданына талшықты оптика желісі толық 100% жүргізілді. Сонымен қатар, жеке инвестор «Fishnet» ЖШС-мен келіссөздер жүргізу нәтижесінде инвестор есебінен 2021–2023 жылдары шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамтуға қаржы қарастырылып отыр. Нәтижесінде, 80 000 үй сапалы интернет желісімен қамтылмақ.

Қаратау ауданына қарасты 2000-нан астам үй бар. Ауданға қарасты Асар шағынауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту жұмыстарын жүргізу мақсатында  қала әкімдігімен жеке инвесторлар тартылған болатын.

Бүгінгі таңда «i-LinkNet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Асар шағынауданына оптика желісі толық жүргізіліп, 2000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі, жалпы саны 200 шақырымды қамтитын абоненттік кабель тартылды. Нәтижесінде, Асар шағынауданындағы 9000-ға жуық адамды сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік бар. 

Бүгінде өтініш қалдырған 200-ге жуық үйге интернет желісі қосылып, тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдануда. Егерде тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға (8 775 395 29 02) нақты өтінімдер берілген жағдайда, «i-LinkNet» компания тарапы шағынауданды толыққанды талшықты оптика желісімен (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) қамтамасыз ете алады. 

Алдағы уақытта, «i-LinkNet» компаниясы Самал-3 шағынауданын (100%) талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жүргізіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үздік медицина қызметкерлері марапатталды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы» қорытындыланып, үздіктер марапатталды
  • Газ техникалық қызметіндегі жұмысшыларға құрмет көрсетілді
  • Шымкент тұрғындарының жайлылығы жолындағы адал еңбек
  • Заң талаптарын бұзған нысандар жауапқа тартылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер