Жеті жылда 55 мектеп салынады

image_750x_5b0e6a80337a7.jpg

Шымкент республикадағы ірі мегаполистердің бірі. Қала халқы миллионға жуықтағандықтан мектеп санын арттыру өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Осы орайда шаһардағы білім мекемелерінің құрылыстары бойынша 2018-2025 жылдарға арналған жоспар түзілді. Жоспар қала бойынша мектеп санын көбейту мақсатында үш ауысымда білім беретін мектептерді жаңалау мақсатында қолға алынды. Нәтижесінде 2025 жылға дейін Шымкентте 55 мектеп ғимаратын салу жоспарланды. Оның ішінде 2018 жылы - 8 жаңа мектеп салып, 7 білім ошағын қайта құру құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 6 жаңа мектеп салынуда. Олар: Бозарық, Қызылжар, Шаңырақ, Тұран шағын ауданы, әкімшілік-іскерлік орталығындағы мектеп, 112-орам. Бұған қоса №76, 99, 103 және  115-ші  мектептерді  қайта құру құрылысы жүруде. Сонымен қатар Самал-3 шағынауданындағы №6 емхананың жанынан 1200 орынды жаңа мектеп салу жоспарда бар. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат әзірленген. Сондай-ақ, №85 мектепті қайта құру құрылысы да жоспарға қойылды. Тағы бір жаңа мектеп (Самал-3 шағынауданындағы №87 мектепке қарсы беттегі 1200 орынды мектеп) пен 2 қайта құру құрылысының (№63 мектепке қосымша ғимарат, №101 мектепке 300 орынды қосымша ғимарат) жобалық-сметалық құжат дайын. Ал келесі жылы Сайрам, Тұран және Асар-2 шағынаудандарындағы білім ұялары жөндеуден өтетін болады. Сондай-ақ, Төлеметов көшесі, Ақниет тұрғын алаптарында салынатын 4 жаңа мектеп құрылысына және №65 пен 79 мектептерге қосымша ғимарат құрылыстарына қажетті жер телімінің мәселесі шешілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер