Сан емес сапа саңызды

Screenshot_13.jpg

Бүгінде Шымқалада 33 шақырымды құрайтын 11 магистралды көшеде қайта құру және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, оған бюджеттен 2 014,0 млн. теңге қаржы бөлінген. 1 833, 0 млн теңгеге 1 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің және 5 көпірдің құрылыс және қайта құру жұмыстары атқарылуда.

Сондай-ақ, 3 842,0 млн теңгеге 169 шақырымды құрайтын 199 ішкі орам көшелерде құрылыс, қайта құру және орташа жөндеу жұмыстары басталған. 

Қала бойынша тұрғын үй құрылысына мемлекет тарапынан 26,7 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 2,0 млрд теңге; қалалық бюджеттен – 3,2 млрд теңге; «Бәйтерек» АҚ қаржысына – 11,5 млрд теңге; «Баспана» АҚ қаржысына – 10,0 млрд теңге.

Аталған мемлекеттік қаржыға және жеке инвесторлардың қаржысына 132 тұрғын үйдің (6513 пәтер, 578,2 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде.

Оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен – 75, жеке салушылар есебінен – 49, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы – 8 тұрғын үй салынуда.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, көпбалалы және жас отбасыларды баспанамен қамту мақсатында республикалық бюджеттен қосымша 5,9 млрд. теңге бөлу қарастырылуда.

Мегаполис қалада барлық жұмыстар жоғары стандарт бойынша атқарылуы тиіс. Осы ретте салаға жауаптылар санға емес сапаға баса назар аударуда.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер