Шымкент - сауда хабына айналатын күн алыс емес

Screenshot_14.jpg

Үшінші мегаполис жыл санап қарыштап дамып келеді. Инвестиция тарту, құрылыс жұмыстарымен еліміз бойынша алдыңғы қатарда көрінуде. Сондай-ақ, тұрғындардың күнкөріс деңгейі де артқан. 2018 жылы қала бойынша орташа айлық жалақы 122 мың теңгені құраған. Қала аумағында жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар мен Shymkent City қалашығындағы жұмыстар да жоспарға сәйкес орындалып келеді. Бұған қоса Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мəдени астанасы атанбақ. Осы орайда Елімізге белгілі «BI group» компаниясы қаладағы «Конггресс-холлдан» бөлек жаңа екі шағынауданның құрылысын бастамақ.

    Шағын жəне орта бизнесті дамытудың жолы  инвесторларды жұмылдыру екені анық. Туризм өркендеуі үшін жақсы инфрақұрылым, замануи əуежай мен теміржол вокзалы болуы тиіс. Туризм – əлемдегі ең табысты бизнес. Ал Шымкенттің мүмкіндіктері мол: қалада саябақтар, цирк, дендросаябақ, зообақ, концерт залдары бар. Қазір қалада аталған мәселелер бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Және бұл жұмыстардың басым көпшілігі инвесторлардың есебінен екенін атап өткен жөн. Нақты айтқанда, BI Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев тарихи шаһардың сауда хабына айналарына әлеуеті жететінін айтады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер