Экономикалық аймақтың жұмысы жеңілдеді

Screenshot_16.jpg

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов орта және шағын бизнестің даму жолындағы барлық кедергілердің алынып тасталуын ұдайы айтып келеді. Осы орайда қала басшысының қатысуымен таяуда өткен экспорт жөніндегі комиссия отырысында құрылысы тоқтап қалған «Оңтүстік» арнайы-экономикалық аймағына апаратын теміржол тұйығы жайлы мәселе көтеріліп еді. Жиында арнайы-экономикалық аймақтағы нысан иелері кәрізді жөндеп, теміржолды іске қосуды өтінген болатын. Кәсіпкерлердің өтініш жерде қалмай міне, «Оңтүстік» арнайы-экономикалық аймағына апаратын теміржол тұйығын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. 2009 жылы салынған бұл тұйық жол белгілі бір себептерге байланысты іске қосылмаған болатын. Содан бері тоқтап тұрған жылдар ішінде кейбір учаскелердегі рельстер мен шпалдар бұзыла бастап еді.

 «Теміржолды іске қосу тауарлар логистикасына, сәйкесінше олардың өзіндік құнына кететін шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер жеткізу құны бірдей болатын фура мен вагонды алайық. Фураға 20 тоннаға дейін тауар сияды, ал вагонға 50 тоннаға дейін тауар сияды. Яғни 2,5 есе көп», - деді «Оңтүстік» АЭА Басқарма төрағасы Сұңғат Абдуллаев.

Жөндеу жұмыстары жаздың соңына қарай аяқталады және күзден бастап кәсіпорындарға шикізат тікелей жеткізілмек. Бұл өз кезегінде қаланың экономикасына айтарлықтай үлес қосып отырған арнайы экономикалық аймақтың жұмысын жеңілдетіп, табыстың мол түсуіне септігін тигізбек. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер