Заманауи тұрғын үй кешені салынбақ

Screenshot_4.jpg

Үшінші мегаполисте Tamerlan residence тұрғын үй кешені пайда болмақ. Кешеннің құрылыс жұмыстарын елімізге белгілі отандық BI Group компаниясы жүргізбек.  Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жақында аталған кешенінің жоба макетімен танысты.

Бизнес-класты тұрғын үй кешенінде 1,2,3 және 4 бөлмелі барлығы 349 пәтер бар. Жалпы көлемі 51 мың шаршы метрді құрайды. Кешенде 7 блок пен екі деңгейлі жерасты паркингі салынады.

Салтанатты іс-шараға қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаланың көркеюіне үлес қосып отырған компания басшылығына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

– Жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысын бастаған компания жетекшілеріне алғыс білдіремін. Бұл компания қалада бірнеше жобаны сәтті жүзеге асырып келеді. Оның бірі – келесі жылы салтанатты түрде ашылатын Конгресс холл. Бұған қоса қала тұрғындарына жайлы баспана салу ісін қолға алып отыр, - деді қала әкімі.

Тұрғын үй кешені әкімшілік-іскерлік орталығында, Бәйтереков көшесінің бойында орналасқан. 12-16 қабатты кешеннің болашақ тұрғындарына шетелдік жүк және жолаушыларға арналған дыбыссыз лифтілер, бейнебақылау мен күзет қызметі тәулік бойы қызмет етеді.

– Құрылыстың бірінші кезеңі 2020 жылдың қазан айында бітеді деп жоспарланған. Онда тұрғын үй кешенінің 4 блогы салынады. Пәтердің бағасы 1 шаршы метріне 290 мың теңгеден басталады,– деді жоба жетекшісі Нышаналы Қалдыбаев.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер