Халқына жақын әкім

Screenshot_6.jpg

Халқына жақын әкім Ғабидолла Әбдірахымов ел алдында күн сайын есеп береді деп айтсақ артық емес. Заман ағымына ілескен Шымкент қаласының мэрі атқарылған жұмыстар жайлы әлеуметтік желіге жазуды әдетке айналдырған. Мәселен жақында қала басшысы Байтұрсынов көшесіндегі құрылыс барысымен танысқанын Instagram әлеуметтік желісіне жазды. «Байтұрсынов көшесі бойында атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап шықтым. Күн райы жылынғаннан бері жұмыс қызу жүргізілуде, биылғы күзде қаламыздағы жаяу жүргіншілер, велосипед және көлік жүргізушілері үшін ең ыңғайлы әрі үлгілі көшелердің біріне айналмақ. Ең бастысы, осы көше бойындағы жасыл желек пен ағаштарды сақтап қалуды ойластырудамыз», - деп жазды әкім.

Еске салсақ, Байтұрсынов көшесіндегі жұмыс ең алдымен Түркістан көшесімен қиылысқан тұсында басталған еді. Мердігерлер жаяу жүргінші жолдарын реттеп, жол жиегіндегі ирригациялық жүйелерді алмастыруда. Құрылыс барысында жаяу жүргінші жолы жасалып, көшеге асфальт төселеді. Сондай-ақ, қала әкімінің тапсырмасына сай веложол да салынады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құтқарушы дәрігер - құрметті мамандық
  • Жолдаудан кейінгі ой: Шымкенттік педагог ЖИ-дің білім саласына қосар үлесіне сенімді
  • Өнерді өрнектеген қолтаңба
  • Қоғамдық көлік жүргізушісінің жүгі
  • Жұмысына адал жас маман
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер