10 бағдаршам орнатылады

Screenshot_11.jpg

Еліміздегі мегаполис қалалардың үштігіне кірген Шымкенттің жер көлемі 117 гектарға ұлғайғаны белгілі. Халқының санымен бірге жері де көбейген қалада жол қозғалысы күрделене түсті. Жаңа пайда болған көшелер мен жаңарған көшелерде жол қозғалысын реттеу мақсатында шаһарда бірнеше жаңа бағдаршам орнатылмақ. Нақтырақ айтқанда биыл 10 жаңа бағдаршам орнатылады. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері хабарлады.

Бұл іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Атап айтқанда, С.Жандосов – Ж.Шаяхметов көшелерінің қиылысы (№24 мектеп) мен Темірлан тасжолындағы «Төржан» мектеп-гимназиясының алдында, Ленгір тасжолы (№97 мектептің маңында), Жібек жолы көшесіндегі «Тассай» индустриалды аймағында, Мәделі қожа – Ж.Тәшенов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер бағдаршамы болады.

Сондай-ақ, Бозарық шағынауданы, КХ-37 – Ақалтын көшелерінің қиылысында, Н.Назарбаев даңғылындағы №130 мектеп маңында, Темірлан тасжолы – Ә.Қастеев көшелерінің қиылысында, Т.Рысқұлов – Ескендіров көшелерінің қиылысы («Мәди» аялдамасы) мен С.Бәйтереков – Майтөбе көшелерінің қиылысында жаңа бағдаршамдар қойылмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер