Мамин Шымкентте

Screenshot_17.jpg

ҚР Премьер-Миинстрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді.  Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында мегаполис төңірегіндегі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Бұл жобалардың қатарында Тұран шағынауданындағы жол, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылы салынатын газ таратушы станция, «Бозарық» қосалқы станциясы бар.

Оның ішінде «Бозарық» станциясы биыл қараша айында пайдалануға беріледі. Соның нәтижесінде шамамен 250 мың адам тұратын 10 жаңа тұрғын үй алабы үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Премьер-Министр «Тассай» индустриялық аймағындағы кәсіпорындардың да жұмысымен танысты. Бұған қоса Үкімет басшысына «Жұлдыз» көпсалалы индустриялық аймағы және мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін қамтамасыз етуге бағытталған «Шымкент» агро-индустриялық аймағы таныстырылды.

Елбасы тапсырмасы бойынша дамытуға 600 млрд теңге қаражат бөлінген «қарапайым заттар экономикасы» мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Премьер-Министрге халық тұтынатын тауарлар өндірісін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасалғаны баяндалды.

Соның нәтижесінде, бүгінгі таңда мегаполис үлесіне Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі көлемінің 23% тиесілі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Шымкентте мемлекет басшысының жолдауын талқылау жөніндегі кеңес өтті
  • В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер