Балаларға базарлық

Screenshot_18.jpg

Американың әйгілі Диснейлэнд балалар ойын-сауық қалашығы Шымкентте де бой көтермек. Мегаполистік балақайлардың сүйікті демалыс орнына айналғалы тұрған нысан  Happy land деп аталатын болады.  Chaudhary group халықаралық холдингінің негізін қалаушы доктор Бинод Чаудхари Шымкентте Happy land отбасылық ойын-сауық кешеніне инвестиция салуға дайын.

Айта кетейік, ХХІІ Астана экономикалық форумында аталған непалдық компания, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин, «Shymkent “ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Рашид Аюпов пен «Kazakh invest» АҚ арасында ынтымақтастық туралы төрт жақты меморандумға қол қойылды. Соның бірі балалардың игілігіне берілетін болады. Жалпы алғанда инвестиция көлемі 60 миллион долларды құрайды.

Сала мамандарының айтуынша «Happyland» – аквапарк, SPA & Resort қонақ үйі, аттракциондар паркі, жабық ойын-сауық орталығы, табиғат паркі және гольф-клуб секілді алты сегменттен тұратын ең ірі заманауи, отбасылық ойын-сауық кластері саналады. Жобаның жалпы құны 20 миллион теңгеден асады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер