Көпір аяқталуға жақын

Screenshot_4.jpg

Шымкенттегі Бадам өзенінің үстінен салынып жатқан көпір жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Стартегиялық маңызы бар жобаны қолға алған мердігер «Қазақжолқұрылысы» ЖШС бүгінге дейін 360 млн теңгеден астам қаржыны игерген. 

Қонаев даңғылының жалғасы ретінде жүзеге асып жатқан жатқан жоба 7 кезеңнен тұрады. Көпір құрылысы мұндағы ІІІ кезең болып жобаланған. Оған 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын былтыр қараша айында бастаған еді. Қазір құрылыс қызу жүріп жатыр. Көпірдің  жалпы ұзындығы – 27 шақырым.

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрхановтың айтуынша, жол бойындағы жер учаскелерін мемлекетке қайтару бойынша қала әкімдігінің қаулысы шыққан. Бұл жұмыстарды атқаруға шамамен 7 млрд теңгедей қаражат керек.

– Қазір құрылыс үш кезең бойынша жүруде. Олар – Түркістан моншасынан бастап ескі қалашықтың іші, Сәуле шағынауданынан Ақтасқа дейінгі жол құрылысы және Бадам өзеніндегі көпір құрылысы. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болуына байланысты қалған кезеңі 2021-2022 жылдарға қалдырылған.

Қазір ескі қалашықтың ішіндегі 75 жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылды, - дейді басқарма басшысының орынбасары.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер