Жемқорлықсыз болашақ – салауатты ұрпақ

Screenshot_7.jpg

Қай салада болсын жастардың жемқорлықтан таза, тамыр-таныстық сынды сыбайластықтан аулақ жүргені жақсы. Спортта да солай, өз еңбегі мен біліміне, төккен терінің нәтижесіне сенгені ұтады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен еркін күрестен 2007-2009 жылғы жасөспірімдер арасындағы ашық біріншіліктің мақсаты да ел ертеңі жастарға дұрыс бағыт беру.

 «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында Шымкент қаласының №10 күрес түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашық біріншілігі «Сұңқар» спорт кешенінде өтті. Шара Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылып отырғанын айта кеткен жөн.  Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттыққа тәрбиелуді мақсат еткен жарысқа 5 команда 160 спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Айта кетелік мектепте 816 оқушы күрестің 6 түрінен тәлім-тәрбие алуда.

Тартысты өткен біріншілік нәтижесінде №12 Сайрам спорт мектебінің балуаны Умиджон Муратжанов (35 кг), №10 БЖСМ балуаны Бексұлтан Мекенбаев (46 кг), №18 қалалық спорт мектебінен Пердебке Мұхан (+50кг) сынды мықтылар біріншілІк жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге №10 БЖСМ директоры Саян Мекенбаев және еркін күрестен Пекин Олимпиадасына қатысушы Жасұлан Мұхтарбекұлы арнайы дипломдар мен сыйлықтарды табыс етті.

Осы арада айта кетелік, еліміздің еркін күрес шеберлері Италияның Сассари қаласында еркін және әйелдер күресінен Sassari City MAtteoPellicone Memorial халықаралық турнирінде 7 медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынға көтерілді. Балуандарымыз арасында  70 келіде белдескен Нұрқожа Қайпанов қарсыластарының бәрін айқын басымдылықпен ұтып, финалда белоруссиялық Георгий Колиевтан айласын асырып, жарыс жеңімпазы атанды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер