Жанға азық болар шаралар өтуде

Screenshot_28.jpg

Шымкентте «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында ауқымды  жұмыстар атқарылып, іс-шаралар өтуде. Мамандардың дерегінше  әлеуметтік карта бойынша биыл Әл-Фараби ауданында 20 ауланы жөндеп, абаттандыру, 1 балабақшаның құрылысы жоспарланған. Абай ауданы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 300 млн теңгеге 8 алаңшаның құрылысы қолға алынды. Еңбекші ауданында 43 спорт алаңшасын жөндеу, абаттандыру, 63 ауланы ретке келтіру ісіне 1 млрд 686 млн 500 мың теңге жоспарланған. Бүгінде бұл жұмыстардың 30 пайызы іске асты. Қаратау ауданындағы елдімекендерде 20 спорт алаңшасын соғу, 43 ауланы абаттандыру, ретке келтіру, 2 мектептің құрылысы қолға алынды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бұл жобаларға 1 млрд теңге қарастыру жоспарланған.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында (Оқушылар мен жастар арасында «Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным – тағдырым» базалық бағыттары бойынша) түрлі форматтарда 51 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілген. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша («Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі», «Мәдениет», «Салт-дәстүр және құндылықтар» жобалары) 42 іс-шара ұйымдастырылды дейді салаға жауаптылар. Киелі орындар мен ескерткіштерге QR кодтар орнатылғаны  қалаға келетін туристердің санын арта түсірді. 

Қала тұрғындары мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында «Отырар» кітапханасынан «Kovorking» орталығы ашылып, апта сайын түрлі акциялар мен конкурстар ұйымдастырылып келе жатқаны жас жеткіншектердің кітапқа деген құмарлықтарын одан әрі еселей түсіруде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер