Әкімдік халыққа «мөлдір» қызмет көрсетеді

Screenshot_8.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы органдарға халықпен тығыз байланыс орнату туралы тапсырмасы берген болатын.  Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын уақыт талабына сай жетілдіру мақсатында қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың бастамасымен Шымкент қаласының әкімдігі «Ашық әкімдік» форматында жұмыс істеуді бастады.

Әкімдік ғимаратының бірінші қабатынан ашылған «Халыққа қызмет» орталығында тұрғындар үшін арнайы электронды кезек залы қызмет етуде. Онда мамандар келушілерге жер, тұрғын үй, әлеуметтік салалар мен құрылыс, жол сынды мәселелері бойынша кеңес беріп, қызмет көрсетеді.

Келушілер үшін күту залы, тегін wi-fi мен банкоматтар және төлем терминалдары, арнайы e-gov порталына қосылған терминалдар орнатылған.

Мұнда қала әкімі мен орынбасарларының тұрғындармен «Ашық диалог» форматында жұмыс істеуі үшін open space залдары құрылды. Онда қала әкімінен бөлек оның әр орынбасары өз салалары бойынша апта сайын азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Айта кетейік, «Ашық әкімдік» орталығы Н.Назарбаев даңғылы, №10 ғимаратта орналасқан.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер