Аралап көрді...

Screenshot_10.jpg

Шымкентке жұмыс сапарымен келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қала активімен өткен кездесуден кейін  «Оңтүстік» индустриалды аймағы секілді бірнеше нысанды аралап, жұмыстармен танысты.

Төраға мемлекеттік басқару академиясының қалалық филиалында белсенді жастармен кездесіп, жаңадан құрылып жатқан Жастар мәслихатына үміткерлердің сайлауалды ұсыныстары мен жобаларын тыңдады. «Қала республикалық мәртебеге ие болғалы бірталай өзгерістер орын алыпты. Әсіресе қала тазалығына көңілім толып отыр. Жаңадан қолға алынған жобалар да көп екен. Салынып жатқан ғимараттар мен нысандардың да артқаны көңіл қуантады. Ауызбіршілік, ынтымақ, бейбітшіліктің арқасында қала біртіндеп көркейіп, гүлденіп келе жатыр. Бастысы адалдықты сақтайық», - деді А.Шпекбаев.

Жұмыс сапарының соңында Алик Жатқамбайұлы Арбат демалыс аймағында болып, театр қойылымын тамашалады. Үшінші мегаполисте жемқорлықпен күресу бағытындағы жұмыстарға оң бағасын беріп, қала әкіміне сәттілік тіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер