Қарияларға деген қамқорлықпен

Screenshot_11.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отандастарымыздың өмір сүру жасын ұзарту мен бұқаралық спортты дамыту керектігін айтқан болатын.  Осы орайда шымкенттіктердің өмір сүру жасы ұзарып келеді дейді мамандар.  Мегаполис тұрғындарының қазіргі таңдағы орташа жасы 78 жастан асады. Жақында мегаполисте белсенді өмір сүру орталығы ашылды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты. 

Бұл – мегаполистегі алғашқы көп функционалды орталық. Мұнда интернет-кафе, физиологиялық кабинет, кинозал, кітапхана, жаттығу залы мен йога, үстел теннисі, бильярд ойнау секциялары бар. Зейнеткер қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, балалар үйінің тәрбиеленушілері осында бос уақыттарын өткізіп, денсаулықтарын жақсарта алады. Зейнеткерлерге тегін әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетіледі. «Қоғамның дамуы қарияларымызға көрсетілетін қамқорлықпен байқалады. Жылдың басындағы есептік кездесуде қала тұрғындарының бірі менен Шымкенттен қарт кісілерге өмір салтын жақсартып, дене шынықтыруға арналған орталық ашуды сұранған болатын. Міне, бүгін осы орталықты ашып отырмыз. Зейнеткерлер мен қариялар бұл орталыққа отбасымен, балалары және немерелерімен келе алады»,- деді қала мэрі.

   Ғабидолла Рахматоллаұлы тұрғындарды спортпен жаппай шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Бұл күні зейнеткерлерге арнап концерттік бағдарлама қойылып, қариялар би биледі. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер