Аутизм орталығы ашылды

Screenshot_14.jpg

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов елімізде жетінші болып ашылған «Асыл мирас» аутизм орталығының лентасын қиды. Алғы сөзінде қала мэрі аталған дертке шалдыққан балалардың ата-аналарын әрқашан қолдайтынын білдірді. 

– Осыған дейін аутизм дертімен шалдыққан балаларды оңалту ісі қаламызда жолға қойылмаған еді. Ата-аналар тарапынан арыз да көп еді. Сіздерге барынша ыңғайлылық жасауға тырыстық. Мұнда балаларыңыз таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін психологиялық көмек алады. Аутист балаларға дәрі емес, психологиялық көмек қажет. Тіпті балалардың ата-аналарына да психологиялық  қолдау қажет. Мен сіздермен біргемін! – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Болат Өтемұратов қайырымдылық қоры үшінші мегаполиске дейін Қазақстанда дәл осындай «Асыл Мирас» аутизм орталығының алтауын іске қосқан.  Ал Шымқалада бұған дейін  ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған 5 ақылы жекеменшік медициналық мекеме ақылы қызмет көрсетіп келді. 

  Орталық 15 жасқа дейінгі 80 баланы қабылдауға әзір. Мұнда сөйлеу дағдысын дамыту, ортаға бейімдеу, әлеуметтік және тұрмыстық түйсікті қалыптастыру секілді мамандандырылған сабақтар жүргізіледі. Заманауи талаптарға сай ғимараттың 6 бөлмесі балаларды дамыту мен түзету құрал жабдықтарымен қамтылған. 

Шаһар басшысы емдеу мекемесін аралап көріп, орталық басшысымен сұқбат барысында ата-аналарға да психологиялық қолдау қажеттігін атап өтті. Ашылу салтанатына қатысқан ата-аналардың басым бөлігі таңнан кешке дейін жұмыста болғандықтан ерекше күтімді қажет ететін баламен жіті айналысуға мүмкіндіктері бола бермейтіндерін жеткізді.

Бейресми деректерде Шымкент қаласында Аутизм дертіне шалдыққан 4  мың бүлдіршін бар екен. Ал, «Аутизмі бар балалар  ата-анасының альянсы» қоғамдық қорының  құрылтайшысы Данияр Сейтжан қаламызда  аутизм дертімен ресми 78 бала тіркелгенін айтады.

«Асыл Мирас» орталығының басты мақсаты – аутизмді қысқа уақыттың ішінда анықтау. Мысалы, Түркияның кез келген клиникасында аутизмді 1,5 сағаттың ішінде анықтайды. 

– Біздің орталықтың есігі барлық ата-аналар мен балалар үшін әрдайым ашық.  Озық әдістемелер бойынша дайындаған біздің мамандар аутистік спектрдің ауытқуларын (АСА) диагностикалауға тегін көмектеседі. Ауытқу анықталған балаларға  тиімділігі дәлелденген Атлантадағы  Markus Autism Center  тәжірибесімен  ем шаралары жүргізіледі. Орталықтағы әрбір бүлдіршіннің дамуында прогресс байқалғанын қалаймыз. Қор  «Аутизм. Баршаға ортақ әлем» бағдарламасын 2015 жылдан бастап қолға алған. Осығған дейін орталықтарымызда 8 мың бала қаралған.  Бағдарламаларды 2,9 мың бала  аяқтады, – дейді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер