Шымкентте бизнеске кедергі келтіретіндер жазаланады

67402604_2280239252289028_5154747103582355456_o.jpg

Бизнес ісіне лауазымды тұлғалар тарапынан кез келген араласу кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі ретінде қабылданатынын және заң бойынша қудаланады. Бұл туралы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали инвесторлармен кездесуінде айтты.

Кездесуге «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басшысы С.Абдуллаев, департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Кабиштаев, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев және кәсіпкерлер қатысты. Еркін форматта өткен іс-шарада аймақтағы бизнесті жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды.

– Бизнес пен инвесторларды қорғау біздің мекеменің басым бағыттарының бірі. Біз «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына мақсатты түрде бизнес қауымдастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін келіп отырмыз. Біз инвесторлармен тікелей қарым-қатынас осы бағыттағы өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бизнес ісіне лауазымды тұлғалар тарапынан кез келген араласу кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі ретінде қабылданатынын және заң бойынша қудаланатынын атап өткім келеді. Біз Сіздерді белсенді қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа шақырамыз, – деді Асхат Жұмағали.

Айта кету керек, қалалық департамент жалпы сомасы 49 млрд. теңгеден астам 20-ға жуық жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда, сонымен қатар, 50-ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалған. Кездесу соңында Асхат Жұмағали үй тоқымасы, кілемдер және мақта-мата иірімдерін өндірумен айналысатын «АГФ групп» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС және «Azala Cotton» ЖШС кәсіпорындарының өндірістік алаңдарында болып, жұмыстарымен танысты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер