Шымкенттіктер Арыс үйлерін тез және сапалы жөндеуде

67582535_2279891952323758_6119633526926082048_n.jpg

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Арыс қаласына арнайы келіп, өңір штабының жұмысымен танысты. Онда штаб басшысы, Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Б.Мамыталиев қалпына келтіру шараларының барысын баяндады.

Қала әкімі Шымкент қаласына тиесілі 10 сектордағы құрылыс жұмыстарын аралап көріп, Арыс тұрғындарымен кездесті. Олардың құрылысқа қатысты айтқан пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқаруды тапсырды.

№10 сектор аумағындағы арыстық тұрғындар қала құрылысшыларының жұмыстарына көңілдері толатындарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.

Ерлан Қуанышұлы Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстары Президенттің жеке бақылауында тұрғанын айтып, үйлерді жылдам әрі сапалы жөндеу, қалпына келтіру үшін құрылысшылар 3 кезекте тәулік бойы жұмыс жасап жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, жалпы қалаға қарасты сектордағы 636 тұрғын үйді жөндеу жұмыстары, өртенген және апатты деп танылған 37 үйдің орындарына жаңа үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 225 үйді жөндеу аяқталса, 322 үйдің сыртқы жұмыстары біткен. Сонымен қатар, екі айдың ішінде жөндеуге келмейтін үйлердің орнына салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы толығымен аяқталады деп жоспарлануда.


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер