Айтаханов Түркістан шаруаларын Шымкентке шақырды

5d1eea1220bd81562307090.jpg

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының арасына жік салуға болмайды. Оңтүстік өңірінің зиялы қауым өкілдерімен кездескен қала әкімі Ерлан Айтаханов осылай деді.   

– Шымкенттің республикалық қала мәртебесіне ие болуы, Түркістанның облыс орталығы атануы – олардың арасына жік салу үшін жасалған жоқ, керісінше, оңтүстік өңірін заман талабына сай дамыту үшін жасалған қадам екенін жете ұғынуымыз қажет. Рухани байланыс – өте нәзік мәселе. Бұл тұрғыда жіберілген кішкентай қателіктің өзі кешірілмейді. Бұдан былай еліміздің дамуына серпін беретін шараларды түркістандық ағайынмен бірлесе өткізейік, – деді Е.Айтаханов кездесу барысында.

«Құлдыраған кез келген экономиканы аяққа тұрғызуға болады. Ал, руханият бір шайқалса, оның зардабы ғасырларға созылуы мүмкін» деген шаһар басшысы Шымкенттің дербес статусқа ие болуы мен Түркістанның облыс орталығы атануы мұндағы халықтардың рухани байланысына еш кедергі келтірмеуі керектігін атап айтты.

Қала әкімі сондай-ақ, біраз уақыттан бері тоқтап қалған ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелерін қайта жандандыру қажеттігіне тоқталды. 

– Облыс пен қала бөлінгеннен кейін ауылшаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі де тоқтап қалды. Бұл тек төмен бағадағы азық-түлік сату ғана емес, халықтың көңілін серпілтетін ерекше әлеуметтік, мәдени іс-шара да еді. Адал еңбегі арқылы мол өнім алатын түркістандық еңбекқор шаруаларды Шымкент жұртшылығы сағынды. Өніміне артық ақша сұрамайтын қанағатшыл оңтүстіктік шаруаларды Шымқаламыздан көргіміз келеді. Сондықтан, Түркістан облысының шаруаларын Шымкентке қайта шақырамын. Келіңіздер, адал маңдай термен өсірген өнімдеріңізді бізге де саудалаңыздар. Бұдан екі жақ та ұтады,– деді Ерлан Қуанышұлы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер