500-ге жуық азамат тегін тексерілді

68442721_2284894501823503_1199142838839803904_n.jpg 

Бүгін Шымкент қаласының шет аумағында орналасқан Жиделі елді мекенінде өткен шарада 500-ге жуық жергілікті тұрғын дәрігерлерге жолдамасыз-ақ тегін қаралды. Медициналық көмектер «Денсаулық жолы» акциясы аясында ұйымдастырылды.  

Жиделіге барған жылжымалы медициналық кешен құрамында білікті стоматолог, кардиолог, невропатолог, терапевт, педиатр, әлеуметтік қызметкерлермен қатар дұрыс тамақтану бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары да тұрғындарға кеңестерін берді. Сонымен қатар, азаматтар қанға сараптама жасатып, диагностикалық тексеруден өтуге мүмкіндік алды.

– Акцияның мақсаты – медициналық көмектің қолжетімділігін оңайлату. Біз емхананың бөлімшесі болғандықтан жалпы тәжірибелі дәрігерлер ғана қызмет етеді. Сондықтан келушілерге кардиолог, педиатр, неврапатолог мамандар арнайы келіп, УДЗ, ЭКГ аппаратына диагностика жасауда. Бұл жалпы аурудың алдын алуға негізделген, – дейді №9 қалалық емханасының Жиделі бөлімшесі меңгерушісі Зәуре Дәрменкұлова.

Жиделіні 2500-дей адам мекендейді. Акция аясында елдімекен тұрғындары денсаулығына бей-жай қарамай, белсенділік танытты. 

Айта кетейік, «Денсаулық жолы» акциясы аясындағы іс-шаралар Шымкентте 21 тамызға дейін жалғасады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер