«Бозарық» станциясы қысқа дейін іске қосылады

69218230_2455513421163582_3162477839878455296_n.jpg

Шымкенттегі ірі құрылыс нысандарын аралаған қала әкімі Ерлан Айтахановқа Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру, ескі қалашықтағы «Цитадель» жобасы мен Shymkent-City тұрғын алабындағы «Конгресс-Центр» жобасы таныстырылды.

Қала әкімі Шымкенттің заманауи жаңа келбетін қалыптасыру үшін қолда бар күштің бәрін біріктіріп, тиімді жұмсау керектігін айтты.

– Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың мегаполисті дамыту бойынша қойған стартегиялық міндеттерін тиісті дейгейде орындауымыз қажет. Осы бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыс жоспарын тиімді орындауды қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Өздеріңізге мәлім, 2020 жылы Шымкентте ТМД елдерінің мәдени астанасы жылын өткіземіз. Сондықтан, қазір әрбір саланың басшылары жұмысын ширатуы керек, – деді Е.Айтаханов.

Бұдан бөлек Е.Айтаханов құрылысы жүріп жатқан «Бозарық 220/110/10 кВ» қосалқы станциясына барды. Аталған нысан қала шетіндегі шағынаудандарды электр жарығымен қамтамасыз етеді. Қала әкімі жобаны уақтылы аяқтауды тапсырды.

«Бозарық 220/110/10 кВ» станциясы биыл қараша айында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 250 мың адам тұратын 10 жаңа тұрғын үй алабы үздіксіз электр қуатымен жабдықталады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер