«Shymkent City» құрылысы тоқтамайды

67834565_2287922188187401_6516559496590917632_n.jpg

Шетелдік инвесторлардың Шымкентте тұрғын үй құрылысын жүргізулеріне ешқандай кедергі болмайды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ерлан Айтаханов Highvill Kazakhstan инвестициялық-құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді.

«Shymkent City» аумағында тұрғын үй нысандарын салып жатқан Highvill Kazakhstan компаниясының өкілдері құрылысқа қатысты жоспарларымен бөлісіп, туындаған кейбір мәселелерін ашып айтты. Жалпы, оңтүстіккореялық компания басшылары Қазақстандағы үшінші мегаполиске озық тәжірибе енгізуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қарайтындарын жеткізді.

Ерлан Айтаханов Highvill бастамаларын қолдап, компания жұмыстарына оң баға берді. Сонымен қатар әкім тұрғын үйдің сапасынан бөлек, оның сейсмикалық жағдайға да төзімді болуын ескеру қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, «Shymkent City» – мегаполистің солтүстік аймағында орналасқан, 12 орамнан тұратын шағынаудан. Онда тұрғын үй мен бизнес орталықтарынан бөлек, сауда орындары, емхана, ойын-сауық орталығы, гүлзар мен демалыс аймағы болады деп жоспарланған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көксайлықтар жаңа пәтерге қоныстанды
  • Көліктің «дәрігері» - автослесарь
  • «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шарасы: Тазалық пен тәртіп- басты назарда
  • Президент Антониу Гутерришке алғыс айтты
  • Зауыттың тірегі – жұмысшы мамандар
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер