Франсуздар Шымкентке инвестиция салуға ниетті

68563261_2287808921532061_3904780941771407360_n.jpg

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс пен инвестициялық ынтамақтастықты арттыру мәселесі мен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту жайын талқылады.

Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы қаланың экономикалық әлеуетімен таныстырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

– Шымкенттің экономикасын ілгерілету үшін кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы салалары мен туризм индустриясын дамыту басты бағыттардың бірі. Сондықтан миллионды тұрғыны бар қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында қаланың шеткі аймақтарында ауылшаруашылық саласын дамытуды жоспарлап отырмыз, – деген қала басшысы Бас консулдан франциялық инвесторларды тартуға ықпал етуін айтты.

Француз дипломаты өзара ынтымақтастықты кеңейту үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін, Қазақстанның үшінші мегаполисі статусын алған Шымкенттің экономикалық әлеуеті жоғары екенін айтып өтті.

А.Шахтахтинский қала басшысына жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, іскерлік әрі серіктестік ынтымақтастықты одан әрі дамытатындары жөнінде сенімділік білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер